Қырғызстанда халық санағы басталды

БІШКЕК. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанда екінші ұлттық халық және тұрғын үй қоры санағы басталады,

Қырғызстанда  халық  санағы басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. «Санаққа дайындық 2000 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оның мақсаты - республикадағы демографиялық ахуал мен тұрғын үйлер қоры туралы толыққанды мәліметтер жинақтау», деп хабарлады республика үкіметі баспасөз қызметінің өкілі. Дереккөздің айтуынша, санақ парақшасына 18 сауал енгізілген, атап айтқанда респонденттің жынысы, жасы, білімі, табыс көзі, азаматтығы, ұлты сияқты сауалдар бар.