Қырғызстанда қала мэрі үш айлық қызды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош қаласының мэрі Айтмамат Қадырбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен Қырғызстанның 6 миллионыншы азаматы үш айлық қыз Айлин Қожошеваны құттықтады. Бұл туралы kyrtag.kg хабарлады.
Қала басшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Айтмамат Қадырбаев сәбиге ойыншық және түрлі тәттілер сыйлап, оның анасы Рахат Белековадан Айлиннің қалай өсіп жатқандығын сұраған.
«Бұл оның алғашқы көктемі, біз сәбидің бірінші 8 наурыз мерекесімен құттықтау мүмкіншілігі туғанына қуанамыз. Қыздың өзіне және отбасыларыңызға шын жүректен бақыт тілеймін», деді Ош қаласының басшысы.
Қыздың анасы қала басшысына алғыс айтты.
«Айлин бүгін 3 ай 9 күнге толды. Ол жақсы өсіп келеді», - деді Р.Белекова.
Еске сала кетсек, Қырғызстанның 6 миллионыншы азаматы Айлин әскери қызметкер Алмаз Қожошов пен Рахат Белекованың отбасында өткен жылы 25 қарашада дүниеге келген.