Қырғызстанда қалыңдықты 1100 доллар мен 4 қойға бағалады
АСТАНА. 19 сәуiр. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ноқат ауданының билігі қалыңдықтың қалың малы 50 мың сомнан жоғары (1100 доллар шамасында), төрт қой және екі тең мақта болуы қажет деген шешімге келді, деп хабарлайды BNews.kz сайты.
«Қырғызстанның Ноқат аудыны әкімшілігінің «Үйлену тойы шығындары мен қалың мал мөлшерін азайту туралы» қаулысы той керуенінің төрт автомобильден артық болмауын және кортежде қымбат машиналарды пайдаланбауын қарастырады», - деп хабарлайды ВВС.
Дағдарыс кезіндегі қалыңмал төңірегіндегі пікірталастар қазір өршіп тұр. Бәзбіреулер қазір мемлекет үшін өтепелі қиын кезеңде артық шығындарды шақтауды қолдаса, екіншілері қоғамда бағзы замандардан қалыптасып қалған ата-бабадан келе жатқан дәстүрді сақтауды жақтайды. Түрлі мәліметтер бойынша, Қырғызстан халқы жыл сайын «отбасылық салт-дәстүр» үшін 2 млрд доллар жұмсайды екен.