Қырғызстанда қауіпсіздік қызметкерлері 7,5 келі героинмен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің (МҰҚК) бұрынғы және қазіргі қызметкерлері заңсыз есірткі бизнесімен айналысқаны үшін тұтқындалды, деп хабарлайды akipress.org .

Қырғызстанда қауіпсіздік қызметкерлері 7,5 келі героинмен ұсталды

Тергеудің мәліметіне сүйенсек, 7 наурыз күні Қырғызстанның МҰҚК және ІІМ Жеке қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген жедел жұмысы барысында заңсыз есірткі саудасына қатысы бар МҰҚК-ның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері ұсталған.

Жүргізілген іс-шара нәтижесі бойынша, заңсыз айналымнан 7,5 келі героин алынды.

Қылмыстық жан жақты және объективті тергеу мақсатында материалдар ІІМ Бас тергеу басқармасына өткізілген.

Қазіргі таңда тұтқындалғандар Бішкек қаласындағы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.