Қырғызстанда қайтыс болған адамның денесін сойып, тексеруге туыстары рұқсат бермейді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда босану үстінде қайтыс болған әйелдің туыстары оның денесін тексеруге рұқсат бермей отыр. Бұл туралы аналар денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша жұмыс семинарында дәрігер Света Байтикова мәлім етті, деп жазады Кабар. 
None
None

Оның айтуынша, ана өлімінің 148 жағдайында тек 6 әйелдің денесі тексеруден өтеді.

«Бұл өте күрделі мәселе және ол бір күннің ішінде шешілмейді. Дегенмен, бұл мәселені жылы жауып қоя салуға болмайды. Оны шешу қажет», - деді Байтикова.

Бүгінгі таңда ана өлімі жағдайында мәйіттің барлығын 100% сойып, тексеруге рұқсат алу үшін «Қырғызстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңның 43-бабына түзету енгізу қажет. Сол арқылы жүкті кезде, босанып жатқанда және босанғаннан кейін 42 күн ішінде қайтыс болған әйелдің туыстарының мәйітті тексеруден бас тартуына мүмкіндік бермеу керек.

«Біз көрші елдердің жақсы тәжірибесіне сүйене аламыз. Мысалы, Қазақстан Республикасында әйелдер жүкті кезінде, босанғанда және босанғаннан кейінгі кезеңде қайтыс болса, олардың денесін міндетті түрде 100% тексеру міндеттелген. Олардың мәйітін республикалық деңгейдегі маман ғана кесіп, тексере алады. Бұл ана өлімінің себебін толықтай анықтауға мүмкіндік береді. Осы арқылы Қазақстанда ана өлімінің деңгейі айтарлықтай төмендеді», - деп хабарланған есепте. 

Соңғы жаңалықтар