Қырғызстанда кикбоксингтен әлем чемпионы Руслан Абасов мінген көлікті жарып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Тоқмақ қаласында белгісіз қылмыскерлер кикбоксинг бойынша бұрынғы әлем чемпионы Руслан Абасов пен оның жұбайы мінген Toyota автокөлігін жарып жіберген.

Қырғызстанда кикбоксингтен әлем чемпионы Руслан Абасов мінген көлікті жарып жіберді

Бұл туралы Шу облысының ҚІІБ хабарлады.

"Жарылыс спортшы мен оның әйелі автокөлікке отырған кезде орын алды, деп атап өтті ҚІІБ. - Қазіргі уақытта оқиға егжей-тегжейлі тексерілуде».

Абасов Тоқмақ қалалық ауруханасына бара жатқан жолда көз жұмды, ал әйелі ауыр жағдайда.

Оқиға орнында саперлер мен криминалистер жұмыс жасауда, алайда қылмыскерлердің қандай жарылғыш затты пайдаланғанын айқындай алмай жатыр.

Өткен онжылдықтың орта шегінде Абасов WBKF нұсқасы бойынша кикбоксингтен әлем чемпионы мәртебесін жеңіп алған, WAKO нұсқасы бойынша екі мәрте әлем чемпионы, WAKO интерконтинентальдық чемпионы, Еуропаның екі мәрте чемпионы болған. 2006 жылы 93 келіден астам салмақта WBKF нұсқасы бойынша Еуразия чемпионы атанған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.