Қырғызстанда қол күресінен өткен Азия біріншілігінде қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қырғызстан елінде қол күресінен өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар аса табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


Қол күресінен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатовтың айтуынша, соның ішінде батысқазақстандық қол күресі шеберлері де жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтқанда, №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Қайсар Қабылов 85 кг, Кенжеқыз Қаупенова 65 кг салмақта әйелдер және жастар арасында екінші орынға ие болды. Сондай-ақ Сүйесін Құмаров 80 келіде жасөспірімдер арасында қола жүлдеге қол жеткізсе, әйелдерден Әсел Жұмағамбетова 80 кг салмақта күміс медальді олжалады. 



