Қырғызстанда қолма-қол долларды елден шығаруға шектеу енгізілді

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда қолма-қол шетел валютасын әкетуге уақытша тыйым салынды. Тиісті қаулыға Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинеті қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім қаржылық-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, Қырғызстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында қабылданды.

Құжатқа сәйкес, резидент еместерге және шетел азаматтарына 5 мың АҚШ долларынан асатын шетел валютасын, Қырғызстан азаматтары мен резиденттеріне 10 мың доллардан астам сомаға шетел валютасын шығаруға уақытша тыйым салынады.
Қырғызстан Республикасының азаматтары мен резиденттерінен 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны әкеткені үшін белгіленген лимиттен асатын соманың 10% көлемінде төлем алынады.
Елдің шекара және мемлекеттік кеден қызметтеріне қолма-қол АҚШ долларын әкетуге жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Авторы: Гүлмира Әбдірахманова
Соңғы жаңалықтар
telegram