Қырғызстанда Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өтті

Қырғызстан ОСК-ның мәліметтері бойынша, референдумда 2 851 952 адам немесе елдегі сайлаушылардың 30,41 пайызы дауыс берді. Сағат 18-00-дегі мәліметтер бойынша, сайлаушылары ерекше белсенділік танытқан өңірлер Нарын облысы (35,71 пайыз), Талас облысы (34,58 пайыз), Жалал-Абад облысы (32,40 пайыз), Ыстықкөл облысы (31,26 пайыз) болды.
Айта кетейік, жексенбі, 11 желтоқсан күні Қырғызстанда елдің Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық ресерендум мен жергілікті кенештердің сайлауы өтіп жатыр.
Қырғызстанның 2010 жылдан бері қолданып келе жатқан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы бастама Парламент құрамындағы бірқатар партиялардың өкілдері тарапынан көтерілген болатын және бұл бастаманы ел президенті Алмазбек Атамбаев та қолдады. Бұл реттегі мақсат - авторлардың көзқарастарынша, билік тармақтарындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету.