Қырғызстанда күші 3,5 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда күші 3,5 балл болған жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды КирТАГ.

 Қырғызстанда күші 3,5 балл жер сілкінісі болды

2016 жылы 22 қыркүйекте, жергілікті уақытпен 12:19-да Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты жер сілкінісін тіркеді. Тербеліс күші 3-3,5 балға жеткен.

Алдын ала болжам бойынша, зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, Бішкек қаласының оңтүстік-батысына қарай 90 шақырым жерде орналасқан.