Қырғызстанда құжатсыз жүрген 6 қазақстандық ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ыстықкөл облысы Түп ауданы Сары-Бұлақ елді мекенінде шекара режимін бұзғаны үшін Қырғызстан шекарашылары Қазақстан Республикасының алты азаматын ұстады.

Қырғызстанда құжатсыз жүрген 6 қазақстандық ұсталды

Ұсталған азаматтарда шекара аймағында жүру құқығын беретін құжаттар болмады, деп хабарлады Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Қырғызстанның Әкімшілік Кодексінің 389-бабына сәйкес шекара режимін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.