17:49, 23 Қазан 2015 | GMT +5
Қырғызстанда қылмыскерді ұстау кезінде екі адам мен арнайы жедел әрекет ету жасағының бір сарбазы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қазанда СИЗО-50-ден қашқан аса қауіпті қылмыскер Алтынбек Итібаевты Бішкекте ұстау кезінде елдің ІІМ арнайы жедел әрекет ету жасағының бір сарбазы мен екі бейбіт тұрғын қаза тапты.
"Интерфакске" ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, террористік ұйым мүшесі Итібаевты ұстау үшін ІІМ арнайы құрылымдарының күшімен қылмыскер жасырынған "Достық" шағынауданындағы үйді қоршауға алу шешімі қабылданды.
"Арнайы шара кезінде қылмыскер қарумен қатты қарсылық көрсетті. Арнайы жасақ сарбаздары аса ауыр қылмыскерді өлтірді ",- деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Шара барысында Қырғызстан ІІМ арнайы жедел әрекет ету жасағының бір сарбазы мен көрші пәтерде тұрған екі азамат көз жұмды.
Итібаев - 12 қазанда СИЗО ИК №50 түрмесінен қашқан 9 қылмыскердің бірі. Олар қашқанда колонияның үш қызметкерін өлтіріп кетті, тағы бірі алынған жарақаттар салдарынан үш күннен кейін көз жұмды.