Қырғызстанда лаңкестік ұйымдардың тізімі жыл сайын жарияланатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.
Оның дерегі бойынша, құжаттың басты мақсаты - радикалды экстремистік идеологияның жастарға ықпал етуіне жол бермеу және қырғыз соттары террористік деп таныған ұйымдар туралы жұртшылықты дер кезінде хабарландыру.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органдардың террористік деп танылған ұйымдардың бірегей тізімін жасауы және оны жыл сайын мерзімді баспасөз беттері мен мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жариялау туралы өзгерістер енгізу ұсынылды.
Заңды Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші 2017 жылдың 5 сәуірінде қабылдады.