Қырғызстанда лаңкестік жасауға дайындаған қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз арнайы қызмет өкілдері өткен аптада жедел-іздестіру шаралары кезінде осыған дейін жойылған лаңкестік топқа тиесілі қару-жарақтың жасырын қоймасын тапты.

Қырғызстанда лаңкестік жасауға дайындаған қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті хабарлады.

Қоймадан АК-74 автоматы мен оның 400 оғы табылып, тәркіленді.

Еске сала кетейік, ҚазАқпарат 10 желтоқсанда Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетінің арнайы құрылымдары «Арча-Бешик» тұрғын үй алқабында Бішкек қаласы мен Шу облысында бірнеше теракт жасамақ болған халықаралық лаңкестік ұйымның екі содырын жойғаны жайлы хабарлаған болатын.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті органдары қозғалған қылмыстық іс аясында Қырғызстан аумағындағы лаңкестердің орнын іздестіріп жатыр.