Қырғызстанда лай көшкіні 45 үй мен 4 әлеуметтік нысанды басып қалды
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әлеуметтік нысандар арасында фельдшерлік-акушерлік бекет, мешіт, 35 электр бағанасы, ауыл зираты мен мектеп бар.
«Бұл жерлерде тұрып жатқан адамдарды бұдан бұрын қауіпсіз жерге көшірген болатынбыз. Барлығы 60 отбасы эвакуацияланып, ТЖМ оларға арнайы палаткалар бөлді. Қосымша тағы бір медициналық палатка тігілді. Бұл лай көшкіні 21 сәуірден бастап төмен сырғып келеді, оның жылдамдығы өте баяу. Күніне 1-2 метр шамасында. Сондықтан 23-24 сәуір күндері жергілікті тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік нысандарға тоқталар болсақ, мектеп пен балабақша құрылыс материалдары үшін толықтай бұзылып, Жалпак-Таш ауылының айыл-окмотіне берілді», - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметінен.
Топырақ массасының қозғалысы ұдайы бақыланып отыр.