Қырғызстанда ломбардтар баланы кепілзат ретінде алуда
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ломбардтардың жұмысын Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қадағалап отырған жоқ. Заңнамаға сәйкес, ломбардтар кепілге алтын мен оргтехниканы ғана алуға құқылы. Шын мәнінде, кепілдікке құжаттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік алынуда.
«Оңтүстікте ломбардтан тіпті шектен шығып отыр, олар кепілзаттың орнына балаларды алып, ата-аналары қарыздарын қайтарғанша жеткіншектерді өздеріне қалдырады екен», - деп атап өтті Д. Назарқұлова.
«Ломбардтарда өздерінің нотариустары мен мемлекеттік тіркеу қызметінде адамдары бар . Олар ерлі-зайыптылардың бірінің келісімінсіз немесе үй иесінің рұқсатынсыз жылдам түрде үйлер мен автокөліктерді қайта рәсімдей алады. Бұлар 7-ден 15 мың сомға дейінгі аралықта сатып алатын патенттердің негізінде миллиардтаған қаржыны айналдырып отыр», - деп нақтылады ол.
Қарызгерлер комитеті өкілі атап өткендей, қазіргі кезде ломбардтардың пайыздық мөлшерлемесі жылдық 160-180 пайызды құрайды, деп жазады kyrtag.kg.
«Өсімқорлық туралы заң мүлдем жұмыс істемейді. Доллармен несие алғандардың барлығы америкалық валюта бағамының өсуіне байланысты қазіргі кезде негізгі соманы еңсере алмай отыр. Сондықтан да біз ломбардтар шағын несиелік компаниялар мәртебесіне өтіп, сәйкесінше салық төлеуі үшін Ұлттық банкке тиісті үндеу жасаймыз», - деп ұсынды Д. Назарқұлова.
«Мен жақында Ыстықкөл облысы бойынша сапарлап, ломбардтардың жұмысымен таныстым. Олар әбден шектен шығып кеткен. Кепілзат ретінде оларда үйлердің құжаттары, автокөліктер, төлқұжаттар жатыр. Осы орайда қаншама адамның тағдыры бұзылғанын айту қиын. Мысалы, Барскоон ауылында анасы алған қарызын өтемегені үшін өсім алушы оның қызын зорлап, қорлық көрсеткен», - деп түйді қарызгерлер комитетінің төрайымы.