Қырғызстанда мемқызметшілердің сыйақысына дрондар сатып алынды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 2022 жылдың соңында мемлекеттік қызметшілерге берілетін тоқсандық сыйақы уақытша тоқтатылды. Ол қаржы заманауи әскери техника сатып алуға жұмсаған. Бұл туралы Қырғызстан Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Баткен облысындағы қарулы қақтығыстан кейін республиканың қарулы күштері мен қауіпсіздігін нығайтуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің сыйақысы елдің қауіпсіздігіне қосқан үлес ретінде алынды. «Байрактар», «Аксунгур», «Акынжы» және «Анка» сынды заманауи әскери техника сатып алынып, Қырғызстанға жеткізілді. Мемлекеттік қызметшілер сыйақы алмай елдің қауіпсіздігін нығайтуға кішігірім үлес қосты деп айтуға болады», - деді Д.Орунбеков.

Авторы Гүлмира Әбдірахманова


Фото: coolsen.ru

Соңғы жаңалықтар
telegram