Қырғызстанда мешiт құлады: зардап шеккендердiң саны 50-ден асады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыстанның оңтүстiгiнде орналасқан Ленин ауылындағы мешiт опырылып түстi. Ол кезде мұсылмандар ғибадат ететiн орында 700-ге тарта мұсылман мiнәжат етiп отырған болатын, деп хабарлайды РБК.
Оқиға орын алар кезде екiншi қабатта шамамен 150 адам болған. Мұндай жүктемеден шыдамаған болса керек, екiншi қабат пен бiрiншi қабат арасындағы бетон омырылып кеттi. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Дегенмен 56 адам жарақат алған. Бiреуi ауыр халде ауруханада жан сақтау бөлiмiнде жатыр. Қазiргi уақытта оқиға орнында құтқарушылар, дәрiгерлер мен милиция жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаға орай, Қырғызстан мұсылмандар дiни басқармасы XIX-XX ғасырларда салынған мешiттерге тексерiс жасап жатыр.