Қырғызстанда министрліктер мен ведомстволардың саны қысқартылмақ

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан билігі мемлекеттік аппаратқа кететін шығынды азайту мен бір қызметті атқаратын мемлекеттік органдарды таратуға бағытталған ұйымдастыру шараларын қабылдап жатыр.

Қырғызстанда министрліктер мен ведомстволардың саны қысқартылмақ

Ел премьер-министрі Сооронбай Жээнбековтың 2016 жылғы 1 маусымдағы № 304 қаулысымен жұмыс тобы құрылды.
Бұл топ сараптама жүргізіп, Қырғызстан үкіметінің құрылымына кіретін министрліктер мен ведомстволардың санын оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасайды.

Миссияға сәйкес, сарапшылар мемлекеттік мекемелер мен аумақтық құрылымдардың орталық аппаратын сараптап, бір міндетті атқаратын құрылымдық бөлімдерді анықтап, мемлекеттік аппаратқа жұмсалатын қаражат шығынын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізеді.