Қырғызстанда митингіге шыққандар Жоғарғы сотқа басып кірмекші болды (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте бүгін 2010 жылғы сәуірдегі оқиғада зардап шеккендерді, олардың туыстарын қолдауда «Айкол-Ала-Тоо» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған наразылық акциясы барысында сот билігінің шешіміне наразы минтингіге қатысушылар металл қоршаудан өтіп, Жоғарғы сот ғимаратына кіруге тырысты.
None
None

Жүздеген халық бұдан бұрын сотталған арнайы қызмет қызметкерлерінің үкімін жұмсартуға қатысты жоғарғы сот инстациясының шешіміне наразылық танытты.

Сәуір оқиғаларының қатысушысы Кубанычбек Шаршенбаевтың айтуынша, митингке 7 сәуірде зардап шеккен, қаза тапқан адамдардың туыстары шыққан.

«Біз мұнда Жоғарғы сот басқа сатыдағы сот шешімдерін жойсын деп келдік. Соңғы шешім 20 шілдеде қабылданады. Біз міндетті түрде келеміз, бұдан да көп халық жинаймыз. Қырғызстанда ешқандай рақымшылық жоқ. Олар шығып, қандай рақымшылық қолданғанын айтсын. Олар «Альфа» әскерін ақтады: егер адамдарға олар оқ атпаса, кім атты? Олар жаппай халықты өлтірген қылмыскерлерді ақтамақ», - деді ол.

Оларға жауап беруге шыққан сәуір оқиғалары туралы істе төрағалық ететін Жоғары сот төрағасының орынбасары Качыке Эсенканов 27 маусымға белгіленген істі қарау төрт сотталушының адвокаты болмауына байланысты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Келесі отырыс 20 шілдеде өтеді. Судьялар қылмыстық іс материалдарын зерделеуі қажет. Ол сондай-ақ Қырғызстан Әскери соты жеті жазасын өтеушіге қатысты рақымшылық қабылдағанын айтты. Алайда Жоғарғы сот шешіміне дейін рақымшылықты орындау тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар