Қырғызстанда мұнай экспортына жарияланған мораторий ұзартылды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге мұнай мен мұнай өнімдерін әкетуге уақытша салынған тыйым ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің хабарлауынша, автомобиль және темір жол көлігімен мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша салынған тыйым ішкі нарықты толтырғанға дейін немесе ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырғанға дейін белгіленген еді.
Қырғызстанның Мемлекеттік кеден және шекара қызметтеріне тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Фото: reuters.com