Қырғызстанда небәрі 50 жылдың ішінде мұздықтар 35 пайызға азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қырғызстандағы мұздықтар көлемі ғаламдық жылынудан кейін шамамен 35 пайызға азайды.

Қырғызстанда небәрі 50 жылдың ішінде мұздықтар 35 пайызға азайды

Бұл туралы республика парламентінің отырысында мәлім болды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Қырғызстанда шамамен 6 мың мұздық бар деп саналады,олар ел аумағының 4 пайызын алып жатыр. Ал барлығы дерлік теңіз деңгейінен 3,2-3,4 мың метр биіктікте орналасқан. Жергілікті ғалымдар жүргізген зерттеулерге қарағанда, соңғы жарты ғасырда олардың еру жылдамдығы жылына 0,7-ден 34 метрге дейін көтерілген. Мұздықтар орталықазиялық аймақтағы өзендердің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, әзірге ешқандай қауіп жоқ, бірақ өзендердің сумен толу режімінің өзгергені байқалған.