Қырғызстанда оқуға түсуде мемлекеттік тілді меңгергендер басымдыққа ие болады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан білім және ғылым министрлігі түлектерді жоғары оқу орнына іріктеу туралы ережеге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар түлектерге басымдық беру туралы өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Қырғызстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, жалпыреспубликалық тестілеуден бірдей балл алған түлектердің ішінде жоғары оқу орнына түсу гранты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар талапкерге беріледі.

Министрлік дерегі бойынша, 2019 жылы тестті талапкерлер өз еріктерімен тапсыратын болады.

Мектеп оқушылары биыл 1 наурыздан бастап Қырғызтест сайтында сынама тест тапсыра алады.

Соңғы жаңалықтар