Қырғызстанда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 16 бала зардап шекті

None
Фото: facebook.com/MinzdravKG
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Манас әуежайы-Бішкек тасжолында мектеп автобусы мен «Go Bus» шағын автобусы соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жедел жәрдем қызметіне сағат 11.15 шамасында ақпарат түскен.

Оқиға орнына дереу екі медиктер бригадасы шықты.

Көлік апаты салдарынан балалар мінген мектеп автобусы аударылған. Алдын ала ақпарат бойынша, 16 адам зардап шекті.

Тізім жасалып жатыр.

Екі бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Қажет көмектің бәрі көрсетіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар