Қырғызстанда өтетін Түркі кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселесі талқыланды - Түркі академиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстанбұлда Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған академия делегациясы Түркі кеңесі Жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің 18-ші отырысына қатысуда, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
None
None

Алқалы басқосуда 2016 жылы Қырғызстанда өтетін Түркі кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселелері мен Түркі академиясының халықаралық ұйым ретіндегі жұмысын айқындай түсетін бірқатар құжаттар қаралуда. Сондай-ақ, күн тәртібіне басқа да тақырыптар қойылған.

Өз кезегінде сөз алған Д.Қыдырәлі академияның жуырда атқарған шаралары мен келешекке жоспарланған жобалары жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, академия Түркі кеңесінің VI саммитін ұйымдастыру жұмыстарына әзір екенін білдірді.
null

Соңғы жаңалықтар