Қырғызстанда парламент спикерін сайлады

БІШКЕК.ҚазАқпарат - Бүгін Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш отырысында дауыс беру арқылы қырғыз парламентінің жаңа спикері болып, ҚСДП фракциясы ұсынған коалициялық көпшілік көшбасшысы Чыныбай Турсунбеков сайланды.

Қырғызстанда парламент спикерін сайлады

Есеп комиссиясының төрағасы Мирлан Жеенчоровтың («Ата Жұрт» Республикасы) айтуынша, Ч.Турсунбековке 88 депутат, Исхақ Масалиевке («Онугуу-Прогресс») - 26, барлығына қарсы - 3 депутат дауыс берген.

Дауыс беру құпия түрде өтті. Турсунбеков Чыныбай Акунұлы Нарын облысы Нарын ауданы Жан-Булақ ауылында 1960 жылы 15 қазанда туған. Жогороку Кенеші 5 шақыртуының депутаты. ҚСДП фракциясының көшбасшысы. 1983 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін үздік аяқтаған. Филология ғылымдарының кандидаты, журналист, ақын.