Қырғызстанда парламенттік коалиция құру туралы келісімге төрт партия қол қояды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте төрт партия парламенттік көпшілік коалициясын құру туралы келісімге қол қояды. Бұл туралы ТАСС-қа ел президенті коалиция құруды тапсырған Социал-демократиялық партия фракциясы хабаралады.
«Коалицияның сайланатын мүшелері арасында айтарлықтай келіспушіліктер жоқ, - деп мәлімдеді социал-демократтар. - Оған кіруге барлық үш партия қағидатты келісімін берді». Фракциядан бұдан бұрын социал-демократтар коалицияға кіруге "Қырғызстан", "Онугуу" ("Прогресс") және "Ата-Мекенге" ("Отан") шақырту жібергенін мәлімдеген. «Келісімге бүгін түске дейін қол қойылады деп күтіп отырмыз», - деп атап өтті фракциядан.
4 қазанда Қырғызстанда өткен парламенттік сайлау нәтижесі бойынша заңнамалық орган құрамына алты партия кірді: Президент жанындағы социал-демократтардан (38 орын), «Қырғызстан» (18 орын), "Онугуу" (13 орын) және "Ата-Мекен" (11 орын) партияларынан басқа, бұл «Бир бол» партиясы (Бірлік) 12 орын және "Республика-Ата-Журт" блогы («Республика-Отан») (28 орын). Өйткені олардың ешбірі дауыс беру нәтижесі бойынша 120 депутаттық мандаттың жартысынан көбін иелене алмады. Олардың фракциясы премьер-министр кандидатурасын ұсыну, үкіметтің құрамы мен құрылымын қалыптастыру үшін парламенттік коалиция құруға мәжбүр.