Қырғызстанда парламенттік сайлаудың күні белгіленді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Қырғызстанда парламенттік сайлау қазанның 10-ына белгіленді. Бұл туралы дүйсенбі күні ел президенті Роза Отынбаева мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Қырғызстанда  парламенттік сайлаудың күні белгіленді

Қырғыз өкіметі, соңғы айларда өзбектер мен қырғыздардың арасында қақтығыстар орын алып келген елдің оңтүстігіндегі күрделі жағдайға байланысты, сайлау өтетін күнді жария етпей келген болатын.

Дүйсенбі күні Қырғызстан өкіметі елдің оңтүстігіндегі төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың күшін тоқтатты.