Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері тағайындалды

БИШКЕК. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Жоғарғы Кенешке (Қырғызстанның парламенті) жаңа спикер тағайындалды. Жаңа тағайындалған спикер Қырғызстанның әлеумет-демократиялық партиясының депутаты Асылбек Жээнібеков.

Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері тағайындалды

Желтоқсанның алғашқы онкүндігінде бұрынғы парламент спикері Ахматбек Келдібеков өз еркімен қызметінен кеткен еді. Қырғызстандық саясаттанушылар бұны бұрынғы президент Роза Отынбаева құрған коалициясының тарауы себебінен болды деп топшылайды. Қырғызстанның жаңа президенті Алмасбек Атамбаев жаңа коалицияны құруға әлеумет-демократиялық партияға мандат берді. Соның нәтижесінде 4 партияның, атап айтсақҚӘДП, «Республика», «Ар-Намыс» және «Атамекен» партияларының саяси одағы құрылды.

Кеңесу барысында аталған коалициядан спикер қызметіне Асылбек Жээнібековтің кандидатурасы ұсынылды.

Асылбек Жээнібеков 1963 жылы 27-ші тамызда Ош облысы Қарақұлжа ауданының Бимырза ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1985 жылғы К.И. Скрябин атындағы Қырғызстан ауыл шаруашылығы институтының түлегі, 1991 жылы егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 2002 жылы Экономика және кәсіпкерлік университетін тәмамдаған.

2002 жылдан 2007 жылға дейін Қырғызстанның «Жер азығы» агробизнес қауымдастығы директорлер кеңесінің төрағасы болған. 2007-2010 жылдар аралығында Жогорку Кенеш IV шақырылымының депутаты, 2010 жылдан бастап Қырғызстанның әлеумет-демократиялық партиясы тізімінен Жогорку Кенеш V шақырылымының депутаты болып сайланған.