Қырғызстанда президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтуі мүмкін - Қарин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2017 жыл Орталық Азия елдеріне сайлау науқанының жаңа циклі енеді. Ақпанда Түркіменстанда, жылдың екінші жартысында Қырғызстанда президенттік сайлау өтетіндігі күтілуде. Қырғызстанға қатысты сарапшылар президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Бұл сайлаулардың бір бірінен айырмашылығы болады», - деді ҚИСИ директоры.
Оның атапа өтуінше, Түркіменстандағы президенттік сайлауға елде тіркелген үш саяси партия атынан кандидаттар қатысатын болады.
«Бұл Түркіменстан үшін саяси өмірде жаңашылдық саналады. Бұл елдегі сайлаудың нәтижесін болжауға болатын болса, ал Қырғызстандағы сайлау науқанын болжау мүмкін емес. Өйткені, қазіргі президент Алмазбек Атамбаев екінші мерзімге сайланбайтындығын, бұл оның соңғы мерзімі екендігін, мұрагер де дайындамайтынын мәлімдеген болатын», - деді ол.
Қаринның атап өтуінше, Қырғызстан Президенттігіне үміткер болуы мүмкін кандидаттардың қатарында бұған дейін есімі елге белгілі тұлғалармен қатар жаңадан шыққан саясаткерлер де бар.
«Қалай десек те бұл оқиғалардың Орталық Азияға белгілі бір деңгейде ықпалы, әсері болатындығы сөзсіз», - деді Қарин.