Қырғызстанда референдумның ресми нәтижелері жарияланды

БІШКЕК. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғызстанда республиканың жаңа Конституциясын қабылдау бойынша өткізілген референдумның қорытындылары ресми түрде жарияланды.
None
None

Негізгі заңның жаңа редакциясы үшін 1 777 339 адам дауыс берген, бұл жалпы сайлаушылардың 90,55%-ын құрайды. 158 373 адам (8,07%) «жоқ» деп жауап берген. Ал 1,38% бюллетеньдер жарамсыз деп танылды (27 092 адамның жауабы).

Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комитетінің басшысы Ақылбек Сәриевтың айтуынша, ресми мәліметтер «Эркин Тоо» газетінде жарияланды. Бұл Конституцияның заңды күшіне енгенін білдіреді.

Сонымен қатар, Роза Отынбаева 2011 жылғы желтоқсанның 31-іне дейінгі өтпелі кезеңде Қырғызстанның Президенті болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар