Қырғызстанда ресейлік «Бірінші арна» мен ұлттық телерадиокомпанияның хабар тарату жиіліктері ауысты

БІШКЕК. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - 8 ақпан күні теледидарларын қосқан Қырғызстан азаматтары үлкен рейтингке ие екі арнаның, «Бірінші арна» (Ресей) мен Ұлттық теларнаның жиіліктері ауысқанын байқады.
None
None

Қырғызстанның мемлекеттік байланыс агенттігі түсіндіргендей, екі арнаның хабар тарату жиілігін өзгертуге ескінің орнына «Шу облысы мен Бішкек қаласы аумағында Қоғамдық телерадиокорпорациясы тарататын белгінің сапасын жақсарту мақсатымен» жаңа құрылғыны орнату себеп болған.

Сонымен қатар Бішкекте Қазақтанның «Хабар» және «КТК» арналары да көрсетілетіндігін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар