Қырғызстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде, деп хабарлады Бішкектегі «Қазақпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Мұрағат деректеріне сәйкес 30-шы жылдардың екінші жартысында Қырғызстанда бірнеше он мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырады. Мемлекеттің өз халқына қарсы қылмысының бір ғана құжатпен расталған орны белгілі, ол жалпы халықтық қасіреттің қайғылы нышаны - Шу облысы Чон-Таш ауылындағы «Ата-Бейит» қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен. Ол жерде халық жауы деп танылған, сотсыз, тергеусіз атылған 19 ұлттық өкілінен құралған 137 қырғызстандықтың денесі жерленген.
Бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай сөз сөйледі.
«Құрметті қырғызстандықтар! Жыл сайын 8 қарашада біз сіздермен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Біз олардың рухына басымызды ие отырып, ел келешегі үшін олардың алдында тарихи жауапкершілігімізді сезінеміз! Қуғын-сүргін құрбандарына құрмет білдіре отырып, біз олар таңдаған әділдік пен бостандық құндылықтары мемлекет саясатының басты бағыты болып қала беретінін де үлкен сеніммен айта аламыз», - деді Атамбаев.