Қырғызстанда шенеунік пара ретінде алған 9,5 мың долларды өртеп жіберген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы агенттігінің шенеунігі пара ретінде алған 9,5 мың долларды өртеп жіберген.
Республиканың ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, шенеунік ақшаны республика аумағында 5 Марко Поло қойын, 8 сібірлік тау ешкісін атуға рұқсат бергені үшін алған.
«ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері астаналық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп тағы жануарларды атқаны үшін пара алмақшы болғаны жайлы ақпарат алады», деп хабарлады баспасөз қызметінен.
$9,5 мың доллар көлеміндегі пара бөлігі тиісті үлгіде белгі соғылып, шенеунікке беріледі.
«Жайсыз жағдайды іші сезген пара алушы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көз алдында есікті жауып алады, деп жалғастырды министрлік баспасөз қызметінен. - Құқық қорғау қызметкерлерінің төртінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірулеріне тура келді. Бұл уақытта күдікті алған ақшасының барлығын жағып жіберіп, милиция өкілдерін күлдің жанында күтіп отырған. Сондықтан да пара алған фактіні дәлелдеу қиынға соғуда».
Алайда тінту жұмыстары жүргізілді, тексеру барысында Калашников автоматының оқтары, 39 мың доллар, 10 мың еуро және жануарларды атуға рұқсат беретін бланкілер табылды.