Қырғызстанда шенеуніктер компьютер білуден емтихан тапсырады

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қырғызстанда мемлекеттік қызметке қабылдарда болашақ шенеуніктерге арналған негізгі тесті сұрақтарына компьютерлік сауаттылығының деңгейін анықтайтын тапсырмалар енгізілді.

Қырғызстанда шенеуніктер компьютер білуден емтихан тапсырады

Бұл туралы Қырғызстан қаржы министрлігі жанындағы «Инфо-Жүйе» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап, "24.kg" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпарат агенттігінің мәліметтері бойынша, ол үшін қазіргі кезде Мемлекеттік кадр қызметі жұмыстарымен бірге тесті тапсырмалары әзірленуде.