Қырғызстанда шетелдік валютамен кредит беруге тыйым салынады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 28 ақпаннан бастап Қырғыстанда коммерциялық банктер мен басқа да қаржы мекемелеріне ипотекалық және тұтынушылық кредиттерді шетелдік валютамен беруге салынған тыйым күшіне енеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«2016 жылғы 10 ақпанда Ұлттық банк басқармасы коммерциялық және басқа да қаржы-кредиттік мекемелер үшін жеке тұлғаларға шетелдік валютамен ипотекалық және тұтынушылық кредиттер беруге тыйымға қатысты өзгерістерді бекітті. Қаулы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Соңғы жаңалықтар