Қырғызстанда шетелдіктерді бес күндік міндетті тіркеу алынып тасталды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - 19 желтоқсанда Қырғызстан Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков 92 мемлекеттің, соның ішінде қазақстандық азаматтардың 28-60 күнге дейін Қырғызстанда тіркеусіз жүруіне рұқсат ететін үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Бішкектегі меншікті тілшісі.
Енді жаңа қаулыға сәйкес, Қырғызстанға турист есебінде барған қазақстандықтар 30 күн ішінде көші-қон органдарының тіркеуінен өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, 2016 жылы 4 қарашада көршілес Қырғызстанда шетелдіктерді бес күн ішінде міндетті тіркеу туралы заң күшіне енді. Бұл Қырғызстан туристік операторларының наразылығын тудырып, республикадағы қысқы туристік маусымның құлдырау қаупі туындады. Кейінірек, Қырғызстан СІМ, Мемлекеттік тіркеу қызметі және Әділет министрлігі өкілдерінен құралған мекемеаралық топ бірнеше мемлекеттің азаматтарын тіркеу шарттарын оңтайландыру туралы қаулы жобасын әзірледі.