Қырғызстанда сумодан турнир өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 6 қыркүйекте ерлер мен әйелдер арасында жапондардың сумо күресі бойынша турнир басталады. Бұл туралы knews.kg хабарлады.
Сумодан Қырғыз федерациясының мәліметінше, жарыс XVII халықаралық Ыстықкөл ойындары аясында өтеді. Оған 18 жастан жоғары спортшылар қатыса алады.
Ерлер арасындағы жарыс 60 келі, 75 келі, 85 келі, 100 келі және 100 келіден жоғары салмақ санатында, әйелдер арасында 60 келі және 60 келіден астам салмақ санатында өтеді.