Қырғызстанда тағы 12 дәрігер коронавирус жұқтырды

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 41 жаңа жағдай тіркелді, олардың 12-сі – медицина қызметкерлері. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Каратаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда тағы 12 дәрігер коронавирус жұқтырды

Оның айтуынша, Бішкек қаласынан 8 дәрігер, Нарын облысынан 1, Ош облысынан 3 дәрігер вирус жұқтырған. Елде COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны 51 адамға жетті.

Қырғызстанда бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 339 жағдай тіркелген. Бес адам вирустан көз жұмған.