Қырғызстанда темекіге акцизді көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлады KABAR Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.
None
None

  Жогорку Кенеш  (Парламент) 2017 жылғы 30 наурызда қабылдаған заңның мақсаты  - мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін толықтыру, ЕАЭО-ға кіретін елдерде белгіленген акциздік салық ставкаларымен темекі бұйымдарына акцизді салық ставкасын кезең-кезеңмен үйлестіру,  сондай-ақ Қырғызстанда темекі шегуді азайту.

Заңмен Салық Кодексінің 287-бабының 1-бөлігіне енгізілген түзетулер темекі бұйымдарына акциздік салықтың базалық ставкасын жыл сайын  (2018-2022 жылдары) ұлғайтуды көздейді.

Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар