Қырғызстанда түйнеме індеті күдігімен 14 адам ауруханаға түсті

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалалабад облысында 14 адам түйнеме күдігімен ауруханаға түсті. Бұл туралы респбуликаның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, адамдар болжам бойынша ауру малдың етін пайдаланған. Олардың бірінен түйнеме індетінің белгілері анықталды. Қалғандарын дәрігерлер тексеріп жатыр, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Соңғы жаңалықтар