Қырғызстанда «Ұлы Жеңіске 70 жыл» монетасы шықты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін ҰОС 70 жылдығын тойлау аясында Қырғызстан астанасындағы Жеңіс алаңы мен мәңгілік алаудың маңында «Жеңіс эстафетасы» әскери-патриоттық шарасы өтті.

Қырғызстанда «Ұлы Жеңіске 70 жыл» монетасы шықты

Шараға мыңға жуық әскерилермен қатар, оқушылар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері қатысты.

Бұл күні баспасөз конференциясында Қырғызстан Ұлттық банкі ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына арналған күміс монетаның шыққанын мәлім етті.

«Ұлы Жеңіске 70 жыл» күміс коллекциялық монетасы «Тарихи оқиғалар» сериясына кіреді.

Монета тиражы - 1000 дана. Құны 2 350 сомды құрайды. Номинал - 10 сом. Монета Қазақстан монета ауласында шығарылды.