Қырғызстанда ұры терезеге қыстырылып қалды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда дүкен тонауға түскен ұры терезеге қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда ұры терезеге қыстырылып қалды

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, 2019 жылдың 19 сәуірінде Сокулук аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы қызметі барысында Новопавловка ауылында азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен жас жігітті оқиға кезінде ұстап алған. Ол дүкеннің кішкентай терезесіне қыстырылып қалған.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің аты-жөндерін анықтады. Олар 16 және 15 жастағы кәмелетке толмағандар болып шықты.

«Милиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығын тексеріп жатыр», - делінген хабарламада.