18:43, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қырғызстанда жаңа бас прокурор мен ішкі істер министрі тағайындалды
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жаңа бас прокурор мен ішкі істер министрі тағайындалды. Бұл жөнінде «24.kg» АА хабарлайды.

Кадр мәселесіндегі Жарлықтарға Роза Отынбаева бүгін қол қойды. Бірінші Жарлыққа сәйкес, генерал-лейтенант Қубатбек Байболов елдің Бас прокуроры болып тағайындалды. Екінші Жарлықпен Бішкек қалалық Ішкі істер Бас басқармасының бұрынғы бастығы Зарылбек Рысалиев Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бүгін олар өздері жетекшілік ететін ведомстволарға таныстырылды.
Роза Отынбаеваның тағы бір Жарлығымен бүгінгі күнге дейін елдің бас бақылау органының бастығы қызметін атқарып келген Байтемір Ибраев отставкаға кетті.