Қырғызстанда жаңа премьер-министр мен үкімет құрамы сайланды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Жогорку Кенеш депутаттары елдің премьер-министрін, бағдарламалар жобаларын, елдің министрлер кабинетінің құрамын бекітті.

Қырғызстанда жаңа премьер-министр мен үкімет құрамы сайланды

Жаңа премьер-министр болып Сооронбай Жээенбеков сайланды.

Ашық түрде дауыс беру кезінде тіркелген 115 депутаттың 113-і үкіметтің бағдарламалары үшін  дауыс берсе, 2-еуі қарсы шықты.  

Парламент құрылымы үшін - 115 дауыс;

Жаңа кабинет құрамы үшін - 115 дауыс.

Анықтама: Жээнбеков Сооронбай Шәріпұлы 1958 жылы 16 қарашада Ош облысы Кара-Кульджин ауданы Тельман ауылында туған. Білімі жоғары. 1983 ж.- К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша аяқтады. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қырғыз Республикасы Үкіметінің Ош облысындағы Уәкілетті өкілі болды.