Қырғызстанда жаңа үкімет 25 тамызда жасақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші 25 тамыз күні жаңа үкіметті құру мақсатында кезектен тыс сессиясына жиналады, деп хабарлайды kabar.kg .

Қырғызстанда жаңа үкімет 25 тамызда жасақталады

«Қырғызстан Республикасы Президентінің үкіметтің жаңа құрамын құру мақсатында ЖК кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ұсынысының түсуіне байланысты, ЖК төрағасы Конституцияның 77-бабы 3-тармағы мен «Жогорку Кенештің регламенті туралы» Заңының 34-бабы 4-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 25 тамызы күні сағат 09:30-да Жогорку Кенештің кезектен тыс сессиясын шақырады», - делінген Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін елде үкімет таратылған болатын.