Қырғызстанда жанар-жағармай қымбаттайды деп күтілуде

БІШКЕК. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанда дизельдік отынның бағасы жақында ресейлік бағамен теңеседі.
None
None

Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының төрағасы Жұмақадыр Әкенеев осылай мәлім етті.

Қырғызстанға жанар-жағармайдың негізгі жеткізілімшісі болып табылатын Ресейдегі отын дағдарысы көрші республикадағы жағдайды қиындатып отыр. «Ресейде жанар-жағармайдың жағдайы қиын, әсіресе оның жиырма өңірінде. Алтай өлкесінде отынның жоқтығынан май құю стансалары тіптен жұмыссыз тұр. Біздегі баға Ресейдегіден 6-7 сомға арзандау. Біздегі бағаның жеткізуші елдегі бағадан арзан болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан да біздегі баға да сөзсіз көтеріледі. Бірақ біз бағаны мүмкіндігінше кешірек көтеруге тырысамыз», - дейді Жұмақадыр Әкенеев.

Мұнай трейдерлері қауымдастығының дерегі бойынша, бүгінде Қырғызстанда төмендегі бағалар тіркелген: Баткенде дизельдің отынның бағасы 42 сом/литрді құраса, Ош және Жалалабад облыстарында - 38-39 сом/литрді, Талас және Шу облыстарында - 31-32 сом/литрді шамалайды.

Соңғы жаңалықтар