Қырғызстанда желілік маркетингке адамдар тартқан Қазақстан азаматшасы тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматшасы Қырғызстанда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тұтқындалды, деп хабарлайды KABAR .
None
None

Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, «Масал Голд» компаниясы республикадағы құзыретті органдарға тіркелместен, 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап Баткен облысының аумағында заңсыз әрекет жасаған.

«Бұл компанияның қызметі мынадан тұрады: әрбір азамат компанияның маркетингтік жүйесіне кіру үшін 2000 сом төлеп, бонустар алып және екінші кезеңге өту үшін соңынан 14 азаматты кіргізу қажет. Өз кезегінде компанияға кірген әрбір адам тиісінше 2 мың сом төлеп, осылайша 700 мың сомға қол жеткізу үшін 5 кезеңнен өтуі қажет. Сондай-ақ, бұл соманы алу үшін 4 мың 96 адам жалпы сомасы 16 382 000 сом болатын ақшалай қаржы салуы тиіс. Қазіргі таңда «Масал Голд» компаниясына Баткен облысы бойынша 68 адам тіркелген», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде. 

Жедел-тергеу іс-шараларын өткізу барысында С.Г. есімді Қазақстан Республикасының азаматшасы күдікті ретінде ұсталып, Қадамжай аудандық ІІБ Уақытша қамау оқшаулағышына қамалды. Тергеу барысында анықталғандай, «Масал Голд» компаниясы республиканың бірнеше қалалары мен аудандарында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. 

Соңғы жаңалықтар