Қырғызстанда жер сілкінді

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының ақпараты бойынша, бүгін түнде сағат 01.35-тің шамасында көрші Қырғызстанның аумағында жер сілкінісі болды,

Қырғызстанда  жер сілкінді

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматының оңтүстік-батысына қарай 534 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпуі Алматыда 2 балл, Шымкентте - 3-4 балл, Таразда - 3 балл шамасында сезілген.

Қираулар мен құрбандар туралы ақпарат жоқ.