Қырғызстанда жер сілкінді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Жалалабад облысында 24 желтоқсанда 06:17-де 3 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Кабар.
Қырғызстан Республикасының ТЖМ баспасөз қызметінің Сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлауынша, Тогуз-Тороуск ауданы Додомол және Кошбұлак ауылдарында 2-3 балдық, ал Арал ауылында 2 балдық тербеліс сезілген.
Алдын ала деректер бойынша, ешкім зардап шекпеген.